№80 жалпы білім беретін мектебінің

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы  аясында жылдық жоспарға сай қыркүйек айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Іс-шараның тақырыбы Мақсат, міндеті мерзімі Сілтемесі Фотосуреттері
1. «Білім күні» Рухан-адамгершілік қаситтерді, қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде білім алушының  үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыру. Адалдықты, әділдікті, мейірімділікті, қамқорлықты, мейірімділікті және басқа да адамгершілік қасиеттерді дамыту. Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуға жеке көзқарасты қамтамасыз ету. 01.09.25ж https://www.facebook.com/share/p/15rT2mFndd/?mibextid=wwXIfr  
2. «Қазақстан халқы тілдер күні!» 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні!

Мерекенің басты мақсаты – әр ұлттың тілін құрметтеу, ана тілімізді дәріптеу, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім ұялату.

05.09.25ж https://www.facebook.com/share/v/1Wj4xjKV6W/?mibextid=wwXIfr  
3. «Бұрымды қыз-ұлттың қазынасы» челленджі Бұрымды қыз» байқауы – нәзіктік пен сұлулықтың, қазақ қызына тән әдеп пен инабаттылықтың мерекесі!

Ұлттық дәстүрді дәріптеп, әдемі бұрымын мақтан тұтқан аруларымызға сәттілік тілейміз!

 

Қазақ қызы – сұлулықтың, ұлтымыздың болашағының айнасы

08.09.25ж https://www.facebook.com/share/v/19qeKEjLYX/?mibextid=wwXIfr  

 

4. “Тіл-достықтың көпірі” апталығы Тіл – достықтың көпірі” апталығы аясында оқушылар мен ұстаздардан сұқбат алдық.

Олар тілдің қадір-қасиеті, достық пен бірлікті нығайтудағы маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.

 

Бірге болсақ – биіктерді бағындырамыз, тілімізді құрметтесек – болашағымыз жарқын!

10.09.25ж  

https://www.facebook.com/share/p/195GchYUz8/?mibextid=wwXIfr

 

 

 

5. Мектептің тәрбие бөлімі мектепішілік “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру Мектептің тәрбие бөлімі мектепішілік “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру бойынша қыркүйек айында атқарылатын жұмыстар жоспарланды. Міндеттер бөлісілді. 12.09.25ж https://www.facebook.com/share/p/RaZZbdTwT9kL1zKN/?mibextid=WC7FNe

 

6. “Дос болайық ” акциясы Біздің мектеп оқушылары үшін ең қымбат қазына – бірлік пен татулық.

Әрбір сәтте қолдау көрсетіп, бір-біріне демеу болып жүрген жас ұрпақ – болашағымыздың айқын кепілі.

 

 

12.09.25ж https://www.facebook.com/share/v/1APCmuxkxL/?mibextid=wwXIfr
7. “Азамат” ұлдар клубының жылдық жоспарына сәйкес арнайы жиналысы Мектептегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қоршаған ортасындағы жағымсыз жағдайлардың алдын алу, болдырмау, жасөспірімдер арасында темекі мен есірткіге, т.б. тәуелділіктің алдын мақсатында “Азамат” ұлдар клубындағы

балалармен профилактикалық ағарту жұмыстары жүргізілді.

15.09.25ж https://www.facebook.com/share/p/ZtKfXLNdMopnvkaj/?mibextid=WC7FNe

 

 
8. “Ерке” қыздар ұйымының жылдық жоспарына сәйкес арнайы жиналысы Мектепішілік “Инабат” қыздар ұйымының жылдық жоспарына сәйкес арнайы жиналыс ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.Масақбаева қыздар ортасындағы жағымсыз жағдайлардың алдын алу, болдырмау бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізген болса, мектеп психологы М.Нурова оқушы қыз балаларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бойындағы эмоционалды негетивтер мен буллингтің алдын алу мақсатында треннингтер ұйымдастырып өткізді. Ал мектеп медбикесі Д.Өтетілеуова қыздардың жеке бас гигиеналық тазалылығы, ерте жүктілік, т.б. мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын алып барды. 16.09.25ж https://www.facebook.com/share/v/5WDAqSLsjCb5s4Nw/?mibextid=WC7FNe

 

 

 

 

 

 

9. Оқушылар арасында Құқық бұзушылықпен, қаңғыбастылықтың алдын алу мақсатында өткізілген профилактикалық жұмыстар N80 жалпы білім беретін мектебіне Сарыағаш АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция майоры Жаникулов Олжас Туреханович және Сарыағаш АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция лейтинанты Шукуров Иззат Шухратұлы келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тәртіп сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, лудомания, буллингтің зардаптары, мектеп ережелерін орындаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

17.09.25ж https://www.facebook.com/share/p/179zFC8YTW/?mibextid=wwXIfr
10. “Өнегелі 15 минут ” Өнегелі 15 минут

“Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында

Баланың күн тәртібі – оның тәртіпке, жауапкершілікке және уақытты тиімді пайдалануға үйренуінің алғашқы қадамы.

🕰️ Дұрыс құрылымдалған күн тәртібі не береді?

* Денсаулығын нығайтады 🧠

* Уақыты тиімді ұйымдастырылады ⏳

* Өз-өзіне сенімділік артады 💪

* Оқу мен демалыс арасындағы теңгерім сақталады 📚🎮

19.09.25ж https://www.facebook.com/share/r/1EDYuoALx1/?mibextid=wwXIfr  

 

 

 

11. Оқушылардың бос уакыттарын мазмұнды да тиімді өткізу  мақсатында қоян-қолтық күрес сайыс үйірмесі өткізілді. Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты N80 жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың бос уақыттарын мазмұнды да тиімді өткізу мақсатында мектеп базасында ауданымыз бен облысымызға танымал спорт шебері, жаттықтырушы Садырбаев Қыдырәлі ағай жетекшілігінде құрылған қоян-қолтық күрес үйірмесінің бір топ тәрбиеленуші балғын спортшылары Шымкент қаласы “АЛПАҒҰТ” ұлттық жекпе-жек федерациясы ұйымдастырып өткізген спорттық сайысына қатысып, жеңімпаз, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Осы орайда салауатты өмір салтын ұстанған балғын спортшыларымыз бен олардың ата-аналарын, жаттықтырушы ағайымызды шын жүректен құттықтаймыз!

20.09.24ж https://www.facebook.com/share/p/1FKWftNM2L/?mibextid=wwXIfr  
12. Оразкүл Асанғазықызымен “Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие” тақырыбында кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты N80 жалпы білім беретін мектебінде 23.09.2025ж күні мемлекет

және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызымен “Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» тақырыбында тағлымы мол кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

Отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттау, жастарды ана тілін дамытуға шақыру, қазақ тілінің дәрежесін көтеру мақсатында өткен басқосуға мектептің ұстаздары, жас мамандары мен қала тұрғындары қатысты.

Оразкүл Асанғазы бүгінде қоғамның өзекті мәселесіне айналған ажырасу жайы мен отбасы құндылықтарын айтып, қатысушыларға ерекше әсер етті. Ұлтын ұлықтаған азамат жастарды өз елін-жерін сүюге, мемлекеттік тілде әрқашан сөйлеуге шақырды.

Кездесу соңында мектеп директоры Әсел Әбдірахымқызы құттықтау сөз сөйлеп, уақыт тауып арнайы қонақ болып келген Оразкүл Асанғазықызына өз алғысын білдірді.

23.09.25ж https://www.facebook.com/share/r/1D92gTy6Ta/?mibextid=wwXIfr  

 

 

13. Педагогикалық ұжыммен,сынып жетекшілермен «Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты N80 жалпы білім беретін мектебінде 23.09.2025ж күні педагогикалық ұжыммен, сынып жетекшілермен “Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік” тақырыбында арнайы түсіндіру, ағарту жұмыстары жүргізілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған арнайы жадынамалар мектептің ұстаздар ұжымы мен ата-аналар чаттарына орналастырылды. Отырыс барысында мектептегі оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс жоспарларын жан-жақты толықтырып бекіту, мектеп пен ата-ана арасындағы екі жақты келісім-шарттарды талапқа сай жүргізу сынды мәселелер бойынша әдістемелік көмектер берілді. 23.09.25ж  

https://www.facebook.com/share/p/15rT2mFndd/?mibextid=wwXIfr

 

 

 

14. Мектептегі буллингке жол жоқ! Мектептегі буллингке жол жоқ!

 

Буллинг – оқушылардың бір-біріне қысым көрсетуі, мазақ етуі, жәбірлеуі. Бұл – жай ғана әзіл емес, ол баланың психологиясына, оқуына, өмірге деген көзқарасына үлкен әсер етеді.

 

Мектебімізде буллингтің алдын алу шаралары тұрақты жүргізілуде:

✔️ Тәрбие сағаттары;

✔️ Психологпен кездесулер;

✔️ Сынып жетекшілері мен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс.

 

Әрбір оқушы мектепте өздерін қауіпсіз, бақытты сезінуі тиіс. 🌸

Балаға қамқор болып, мейірім сыйласақ – буллингтің алдын аламыз.

24.09.25ж https://www.facebook.com/share/r/1GV1Y8vm42/?mibextid=wwXIfr  

 

15. «Ұстазыңды құттықта!» челленджі №80 ЖББМ КММ-де «Ұстазыңды құттықта!» челленджі өтті

 

Мектебімізде ерекше көңілді, әсерлі іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар мен мұғалімдер ұстаздар күніне орай «Ұстазыңды құттықта!» челленджіне қатысып, караокеде ән шырқады.

 

📚 Оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарына жүрекжарды тілектерін арнап, алғыстарын білдірді.

👩‍🏫 Мұғалімдер мен шәкірттердің ортақ өнері мерекелік шараға шаттық сыйлады.

 

Бұл челлендж ұстаз еңбегін құрметтеу мен оқушы мен мұғалім арасындағы сыйластықты одан әрі нығайтуға бағытталды.

25.09.25ж https://www.facebook.com/share/r/1MFRgLtuAy/?mibextid=wwXIfr  

 

 

16. Ұстаздар күніне арналған ерекше сәлем!

Ұстаздар күніне арналған ерекше сәлем!*

*80 «Келешек» мектебінің* 1-сынып бүлдіршіндері сүйікті ұстаздарын мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді!

Олар бұл игі бастаманы жоғары сыныптағы аға-әпкелеріне жолдап, *»Ұстазыңды құттықта!»* челленджін бастады!

Аға-әпкелер, эстафетаны қабыл алыңыздар!

Сүйікті мұғалімдеріңізге деген алғысыңызды видео арқылы жеткізіп, осы челленджді жалғастырыңыз!

26.09.25ж https://www.facebook.com/share/v/1GQLE1N5gt/?mibextid=wwXIfr  
17. «Таза Қазақстан» акциясы — Таза болашаққа қадам! 80 «Келешек» жалпы білім беретін мектебінің ұстаздар қауымы *»Таза Қазақстан»* экологиялық акциясына белсене қатысып, туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты!

 

📌 Акция аясында:

🔹 Мектеп аумағы мен айналасы тазартылды

🔹 Қоқыс жиналып, арнайы орындарға жеткізілді

🔹 Оқушыларға экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

🌱 Табиғатты сақтау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Ұстаздарымыз осы ұранды ту етіп, өзгеге үлгі бола білді.

29.09.25ж https://www.facebook.com/share/p/163vDi342D/?mibextid=wwXIfr  
18. №80 ЖББМ КММ-де «Менің мектебім буллингке қарсы» флешмоб өтті! №80 ЖББМ КММ-де «Менің мектебім буллингке қарсы» флешмоб өтті!

 

Бүгін мектебімізде оқушылар арасында достықты нығайтып, бір-біріне құрметпен қарауды насихаттайтын маңызды іс-шара өтті.

Флешмобтың басты мақсаты – буллингтің алдын алу, балаларға мейірімділік пен өзара қолдау көрсетудің маңыздылығын жеткізу.

 

Іс-шараға қатысқан барлық оқушылар бейбіт, қауіпсіз және қуанышты мектеп ортасын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

 

👉 Біз бірге – күштіміз!

👉 Біз бірге – буллингке қарсымыз!

30.09.25 https://www.facebook.com/share/r/17T6ZuqahT/?mibextid=wwXIfr  

 

 

ДТІЖО:         Б.Бекей                                   А.Алшын

Ж.Масақбаева                       К.Даулетова

Т. Инебаев