ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
«№80 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
«Бекітемін»
Мектеп директоры _____________ А.Арапова «09» қыркүйек 2025 жыл
2025-2026 оқу жылына арналған
Аға тәлімгердің жылдық жұмыс
жоспары
Сарыағаш қаласы 2025-2026 оқу жылы
Аға тәлімгердің
2025-2026 оқу жылының жылдық жұмыс жоспары
1.Оқушылардың жыл бойы тәрбиелік бағытта жұмыс жүргізуге отырып оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға қызығушылығы арттыру. Отан сүйгіштікке баулу, мемлекеттік іс-шараларға белсенді қатыстыру.
2.Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ету.
3.Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
- Мектепте аға тәлімгердің жұмысы жоспарланған іс-шаралары бойынша атқарылады.
- «Жас Қыран» ұйымының жұмысы мен «Жас Ұлан» балалар мен жұмысының ұйымының жұмысы, салтанатты және мерекелік жиындар, атаулы күндер, қамқорлық жұмыстары, акциялар, байқаулар т.б
6.Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымына 25 қазан Республика күніне орай және 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күндері қабылданады.
- Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мектеп Парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарын жүзеге асыру.
8.Мектептегі «Адал ұрпақ» клубтарын жұмысын жүргізу
- Сондай – ақ оқушылар арасында өзара жеке бас тазалығын және қоршаған ортаны қорғау әр сәрсенбі және бейсенбі күндері тазалық жұмыстарын ұйымдастыру
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл баршаға және әрбір адамға бірдей мүмкіндік беретін қоғамды қалыптастыратын адал азаматтар табанды еңбегімен еліміздің дамуына өз үлес қосқанда ғана мүмкін болады.
Озық дамыған мемлекет құру үшін азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы қажет. Осыған орай жастарды тәрбиелеу «Адал азамат» идеясымен үндеседі. Бұл балалар мен жастардың бойында әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын дарыту арқылы адал еңбек пен қоғам игілігін алдыңғы орынға қоятын, адал, әділетті азаматтарды тәрбиелеуге бағыт береді.
Ал, «Әділетті Қазақстан» идеясы әрбір азаматқа өзін-өзі жүзеге асыруға және табысқа жетуге бірдей мүмкіндік беретін қоғам құру мақсатын көздейді. Бұл мақсатқа жету үшін балалар мен жастардың бойында тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, заң мен тәртіп құндылықтарын дамытуды қажет етеді.
«Озық ойлы ұлт» идеясы балалар мен жастардың бойында білімге құштарлық, шығармашылық және инновациялық ойлау, кәсіби даму, бірлік пен ынтымаққұндылықтарын дамыту арқылы өзгерістерге бейімделіп, инновациялық технологияларды ұтымды қолданатын ұлтты қалыптастыруға бағытталады.
Бағдарламаның мақсаты:
қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.
Білім алушылардың бойында түйінді құндылықтарды қалыптастыру құзыреттілік тәсілдемесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл білім алушылардың бойындағы құзыреттер жиынтығын құрайды және білім беру ұйымы түлектерінің моделін айқындайды:
ұлттық мүддені ілгерілету –Отанның дамуына үлес қосуға, өз елінің ұлттық мүддесін қорғауға және дамытуға дайын болуы;
тиімді қарым-қатынас – басқалармен тиімді қарым-қатынас орнату, түсіну, командада жұмыс істеу және қақтығыстарды шешу дағдылары арқылы түрлі әлеуметтік ортада инклюзивтілік пен бірлікке ықпал ету, басқалармен ынтымақтастық орнату;
қоғамға қызмет ету – этикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан қолайлы тәжірибелерді қолдана отырып, қоғамның дамуына ерікті үлес қосуға дайын болу;
азаматтық парыз – этикалық мінез-құлық нормаларын, адалдық және заңның үстемдігін сақтау, қоғам талаптарын құрметтеу және ұстану;
инновациялық ойлау – жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылу, кедергілерді еңсеру үшін жаңа дағдыларды игеру және болашақ бастамаларын табысты іске асыруда өз әлеуетін пайдаланутабандылық таныту;
шығармашылық – идеялар мен проблемаларды шешуде стандартты емес тиімді әдістер арқылы контекстке сәйкес генерациялау қабілеті.
Тәрбиеде құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелерібір-бірін толықтырып, өмірлік сын-қатерлерге төтеп бере алатын және табысты әлеуметтенген жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
- Мектептегі тәрбие жұмысының міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
- Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
- Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
- Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
- Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
- Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
- Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
- Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
- Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
- Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
Құндылықтар:
-Тәуелсіздік және отаншылдық;
— Бірлік және ынтымақ;
-Әділдік және жауапкершілік;
— Заң және тәртіп; Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;
-Жасампаз және жаңашылдық;
-Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;
ҚЫРКҮЙЕК – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР: «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ» «Әділдік және Жауапкершілік
«Заң және Тәртіп» , «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік» , «Жасампаздық және Жаңашылдық»
1 қыркүйек – «Білім күні»
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні
Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні
Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні
| № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты мамандар | |
| 1 | 1 қыркүйек-білім күніне арналған «Мектебім–мейірім мекені» атты салтанатты жиынын 1, 11 сынып оқушыларына өткізу. | Тақырыптық іс-шаралар
#Bilim_quni хэштегі әлеуметтік желіге жариялау |
Қыркүйек | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер |
|
| 2 | Қазақстан халқы тілдері күні | Сынып сағаты
әлеуметтік желіге #Bilim_quni #Біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministirligi @gani.beisembayev @anar_tanirbergenova18 @medetbekovameruert #Біртұтас_тәрбие_жамбыл хэштегімен жариялау |
Қыркүйек | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі ӘБ жетекшілері |
|
| 3 | «Мектеп Парламенті» өзін – өзі басқару ұйымының қызметін ұйымдастыру, тізімін жасақтау | Түсіндіру жұмыстары
әлеуметтік желіге #Біртұтас_тәрбие_жамбыл хэштегімен жариялау |
Қыркүйек | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова
|
|
| 4 | Еңбек түбі береке.
Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «Еңбегі адал жас өрен» жоба |
Еңбек күніне арналған сынып сағаты
|
Қыркүйек | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:А.Сапарбаева Сынып жетекшілер |
|
ҚАЗАН – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР: «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ» «Әділдік және Жауапкершілік
«Заң және Тәртіп» , «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік» , «Жасампаздық және Жаңашылдық»
1 қазан – Халықаралық қарттар күні
5 қазан – Мұғалімдер күні
24 қазан – Кітапханашылар күні
25 қазан – Республика күні
| № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты мамандар |
| 1 | 1.Қарттар күніне орай «Жан жылуын сыйлаймыз!» атты акция ұйымдастыру
— «Қарт жүрген жер береке» тақырыбында 1-10 сыныптар арасында сынып сағаттарын өткізу; — «Қарты бар үйдің құты бар» тақырыбыда 7-10 сынып оқушылары арасында шығармалар байқауын өткізу.
|
Жоспар бойынша тақырыптық іс-шаралар
|
Қазан
|
ДТЖЖО:Ж.Масақбаева Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер Өзін-өзі басқару ұйымы
|
| 2.«Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет «Қамқор жобасы»
Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Жалпы мектептік волонтерлық акциясы | Қазан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер |
|
| 3.«Даналық ұстаздан» челленджі
Шабыт жобасы |
Мұғалімдер күніне арналған челлендж | Қазан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер |
|
| 2 | Білім алушылардың бойында азаматтық жауапкершілік дағдылары мен көшбасшылық, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Дублер» күнін ұйымдастыру. | Жоспар бойынша тақырыптық іс-шаралар | Қазан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер Өзін-өзі басқару ұйымы |
| 3 | Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған тақырыптық іс-шаралар өткізу:
«Ұстаз-ұлағатты есім» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттарын өткізу; «Мектебің алтын ұяң жарқыраған, Ұстазың-бұлақ көзі сарқыраған» тақырыптарында 8-10 сынып оқушылары арасында эссе жазу байқауын ұйымдастыру; «Ұстаздарға мың алғыс!» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесулер ұйымдастыру; «Ұстаздармен біргеміз!» атты флешмобтар ұйымдастыру; Мектеп оқушылары арасында «Менің арманымдағы ұстаз!», «Ұстаз болу сезімнің батырлығы», «Ұстаз-адам жанының инженері» тақырыптарында шығармалар байқауын өткізу; «Даналық ұстаздан» челлендж |
Жоспар бойынша тақырыптық іс-шаралар | Қазан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер Өзін-өзі басқару ұйымы Сынып жетекшілер |
| 4 | «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын іске асыру бағытында «Күзгі асар» атты жәрмеңкесін ұйымдастыру | Жәрмеңке | Қазан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер Өзін-өзі басқару ұйымы |
| 5 | 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай «Жас Қыран» ұйымына қабылдау
Қазақстаныма арнаймын» атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру
|
Ұйымға қабылдау
Тақырыптық іс-шаралар
|
Қазан
|
ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер Өзін-өзі басқару ұйымы
|
|
Республикам – мақтанышым! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Республика күніне арналған жалпы мектепішілік іс-шара/сынып сағаты |
Қазан |
ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер |
|
| «Ұшқыр ой алаңы» дебаты
жобасы |
Мектеп дебаты | Қазан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
| Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы сабағы | Ата – аналарды қолдау сабағы | Қазан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер |
ҚАРАША – ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР: «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ» «Әділдік және Жауапкершілік
«Заң және Тәртіп» , «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік» , «Жасампаздық және Жаңашылдық»
15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні
16 қараша – Халықаралық толеранттылық күні
| № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты мамандар | |
| 1 | «Шабыт» жобасын іске асыру
бағытында білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Мектеп театры» атты театр қойылымын ұйымдастыру |
Театр қойылымы | Қараша | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
| Мектеп театры
«Шабыт жобасы» |
Театр қойылымы | Қазан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер Өзін-өзі басқару ұйымы |
||
| 2 | «Ұшқыр ой алаңы» жобасын іске асыру бағытында тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау
арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұшқыр ой алаңы» атты зияткерлік ойынын өткізу |
Зияткерлік ойын | Қараша | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
| 3 | Мектеп парламентінің журналын шығару
Парламент отырысын өткізу «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы, «Адал ұрпақ» ұйымының отырысын өткізу |
Зияткерлік ойын | Қараша | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
| «Startup» байқауы
«Smart bala» жобасы |
Байқау | Қараша | Сынып жетекшілер
Инфор ӘБ Математика ӘБ Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер: К.Даулетова
|
||
| 4 | 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай іс-шаралар ұйымдастыру | Тақырыптық іс-шаралар | Қараша | Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын
Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы 1-11 сынып жетекшілері |
|
| Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы сабағы | Ата – аналарды қолдау сабағы | Қазан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Педагог-психологтар Пед.ұйым А.Есжанова
|
||
ЖЕЛТОҚСАН–БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР: «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ» «Әділдік және Жауапкершілік
«Заң және Тәртіп» , «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік» , «Жасампаздық және Жаңашылдық»
5 желтоқсан – Дүниежүзілік Еріктілер күні
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
| № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты мамандар |
| 1 | «Жетістігімді еліме арнаймын» атты челленджін өткізу | Челлендж | Желтоқсан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы
|
| 2 | Кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру бағытында әдеби
кеш /кітап жәрмеңкесі/кітап кейіпкерлері байқауын ұйымдастыру |
Іс-шаралар | Желтоқсан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы Мектеп кітапханасы |
| «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі | Челлендж | Желтоқсан | Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын
Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
| 3 | ҚР Тәуелсіздік күніне орай
«Тарихым — мақтанышым» тақырыбында эссе жазғызу, «Тәуелсіздік таңы мәңгілік», «Ұлттық рух – мәңгілік ел болудың өзегі» тақырыптарында сынып сағаттарын ұйымдастыру |
Сынып сағаты | Желтоқсан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы 1-11 сынып жетекшілері |
| «Ұшқыр ой алаңы» дебаты | Мектеп дебаты | Желтоқсан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
| 4 | Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы сабағы
І – жарты жылдықты қорытындау |
Ата–аналарды қолдау сабағы
Жалпы ата-аналар жиналысы |
Желтоқсан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Психолог-педогогтар әлеуметтік — педагог |
ҚАҢТАР–ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР: «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ» «Әділдік және Жауапкершілік
«Заң және Тәртіп» , «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік» , «Жасампаздық және Жаңашылдық»
1 қаңтар – Жаңа жыл
| № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты мамандар |
| 1 | «Еңбегі адал — жас өрен» жобасын іске асыру бағытында білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы
құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Мамандықтар марафоны» атты байқауын өткізу |
Байқау | Қаңтар | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы |
| 2 | «Үздік оқушы», «Жас спортшы», «Мектеп белсенділері», «Өнерлі оқушы», «Қамқор оқушы» марапаттау жарнамаларын өткізу.
Парламент отырысын өткізу |
Отырыс | Қаңтар | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы |
| 3 | Дөңгелек үстелдер, әңгімелер шеңберінде, әр түрлі спорт түрлері бойынша білім алушылармен белгілі спортшылармен кездесу ұйымдастыру | Іс-шара | Қаңтар | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы Педагог- психолог |
| «Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік ойыны | Зияткерлік ойын | Қаңтар | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
| 4 | Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы сабағы
|
Ата – аналарды қолдау сабағы
|
Қаңтар | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Сынып жетекшілер
|
АҚПАН–ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР: «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ» «Әділдік және Жауапкершілік
«Заң және Тәртіп» , «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік» , «Жасампаздық және Жаңашылдық»
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
Ақпанның бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні
14 ақпан-Ауған күні
«Құқықтық тәрбие-құқықбузышылықтың алдын алу» айлығы
| № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты мамандар |
| 1 | «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру бағытында «Шын жүректен кітап сыйла!» атты челленджін өткізу | Челлендж | Ақпан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы Мектеп кітапханасы |
| «Ұшқыр ой алаңы» дебаты | Мектеп дебаты | Аңқпан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
| 2 | Жалпы білім беретін мектеп
оқушыларына арналған «Абай оқулары» атты байқауын өткізу |
Байқау | Ақпан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы Қазақ тілі ӘБ |
| 3 | Дөңгелек үстелдер, әңгімелер шеңберінде, әр түрлі спорт түрлері бойынша білім алушылармен белгілі спортшылармен кездесу ұйымдастыру | Іс-шара | Ақпан | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы
|
| «Startup» байқауы «Smart bala» жобасы | Байқау | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова
Информатика ӘБ Математика ӘБ Өзін-өзі басқару ұйымы
|
НАУРЫЗ–ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР: «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ» «Әділдік және Жауапкершілік
«Заң және Тәртіп» , «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік» , «Жасампаздық және Жаңашылдық»
1 наурыз – Алғыс айту күні
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
21, 22, 23 наурыз – Наурыз мерекесі
27 наурыз-Дүниежүзілік театр күні
30 наурыз – Дүниежүзілік Жер күні
| № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты мамандар |
| 1 | 1 наурыз – Алғыс айту күні орай
«Алғыс – ізгі ниет» атты сынып сағатын өткізу Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Сынып сағаты | Наурыз | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы 1-11сынып жетекшілері |
| 2 | «Менің Отаным-менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауы | Байқау | Наурыз | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы ӘБ жетекшілері |
| «Ананың аялы алақаны» челленджі «Шабыт» жобасы | Сынып сағаты
Челлендж |
Наурыз | 1-11сынып жетекшілері
Өзін-өзі басқару ұйымы Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова
|
|
| «Ұлттық мәдениет» көрмесі
«Шабыт» жобасы |
Көрме | Наурыз | Көркем еңбек мұғалімдері, сынып жетекшілері мектептің өзін-өзі басқару ұйымы | |
| «Амал мерекесі – көрісу» онкүндік | Шаралар шеруі | Наурыз | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Дене-шынықтыру мұғалімдері |
|
| 3 | «Шабыт» жобасын іске асыру бағытында «Ананың аялы алақаны»
атты челленджін өткізу |
Челлендж | Наурыз | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова ӘБ жетекшілері |
| Мектеп театры
«Шабыт» жобасы |
Театр қойылымы | Наурыз | Эстетикалық цикл пәндер мұғалімдері,
тілдік пәндер мұғалімдері, Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
| 4 | «Жас Ұланның – ЖҰЛДЫЗЫ!» | Ән байқауы | Наурыз | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы |
| Ата-аналарды қолдау педагогикалық орталық сабағы | Ата – аналарды қолдау сабағы
|
Наурыз | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова
|
|
| 5 | 22 Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы» атты ұлттық ойындар, «Ұлттық киім – ұрпаққа
мұра» атты ұлттық киімдер байқауын өткізу |
Іс-шаралар | Наурыз | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы ӘБ жетекшілері 1- |
| 6 | «Эко-күнтізбе» айдары бойынша 5-8 сынып оқушыларына арналған
«Экология балалар көзімен» атты жас суретшілер байқауы, «Ғажайыпқа толы табиғат сырлары» атты экочелледжін өткізу |
Іс-шара | Наурыз | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы ӘБ жетекшілері |
| 7 | 5-8 сынып оқушылары арасында адал еңбекті құрметтеу, халқына адал қызмет етуге баулу мақсатында «Адал ұрпақ — елдің болашағы», «Адал ұрпақ
— мәңгілік елдің кепілі» атты пікірлесу сағатын өткізу |
Пікірлесу сағаты | Наурыз | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы ӘБ жетекшілері
|
СӘУІР–ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР: «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ» «Әділдік және Жауапкершілік
«Заң және Тәртіп» , «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік» , «Жасампаздық және Жаңашылдық»
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
12 сәуір – Ғылым күні
15 сәуір – Халықаралық мәдениет күні
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
| № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты мамандар |
| 1 | «Қоғамдық мүлікті қорға!» атты алдын алу іс-шарасын өткізу
Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Алдын алу іс- шарасы | Сәуір | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы ӘБ жетекшілері |
| 2 | «Қамқор» жобасын іске асыру бағытында «Түлектердің ағаш егуі»
атты экочелленджін өткізу |
Челлендж | Сәуір | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы 1-11 сынып жетекшілер |
| 3 | Адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында
«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты арнайы мамандардың қатысуымен кездесу өткізу |
Кездесу | Сәуір | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы |
| «Ұшқыр ой алаңы» дебаты | Мектеп дебаты | Сәуір | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова
|
|
| 4 | «Менің Отаным — Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтар слеты | Слеті | Сәуір | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы ӘБ жетекшілері 1-11 сынып жетекшілер |
| «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі
«Қамқор» жобасы |
Челлендж | Сәуір | Сынып жетекшілер
Өзін-өзі басқару ұйымы |
МАМЫР–БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ АЙЫ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР: «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ» «Әділдік және Жауапкершілік
«Заң және Тәртіп» , «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік» , «Жасампаздық және Жаңашылдық»
1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні
7 мамыр-Отан қорғаушылар күні
9 мамыр-Жеңіс күні
Мамырдың екінші жексенбісі-Аналар күні
15 мамыр-Отбасы күні
31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
| № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты мамандар |
| 1 | Отан қорғаушылар күніне орай
«Жас сарбаз» атты әскери- патриоттық әндер фестивалін өткізу «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау |
Ұйымға қабылдау
Фестиваль |
Мамыр | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы ӘБ жетекшілері |
| 2 | Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасын жүзеге асыру бағытында
«Кітапқа жазылмаған тарих» атты ерлік сабақтарын өткізу |
Фестиваль | Мамыр | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы 1-11 сынып жетекшілер |
| «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі
«Шабыт» жобасы |
Фестиваль | Мамыр | АӘДТ пән мұғалімі
Сынып жетекшілер Өзін-өзі басқару ұйымы |
|
| 3 | Адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында
«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты арнайы мамандардың қатысуымен кездесу өткізу |
Кездесу | Мамыр | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова
|
| 4 | Халықаралық отбасы күніне орай ата- аналарға арналған «Менің балам – көшбасшы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Денсаулық FEST» атты ата-
ана сағатын, «Отбасы FEST» атты фестивалін өткізу |
Ерлік сабақтары | Мамыр | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы Сынып жетекшілері |
| Рәміздер күніне арналған шаралар | Мектепішілік іс шаралар | Мамыр | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Тарих пәнінің ӘБ Сынып жетекшілер
|
|
| 5 | 4 маусым-ҚР Мемлекеттік Рәміздерікүніне орай
«Рәміздерді құрметтеу-халықты құрметтеу» апталық ұйымдастыру |
Апталық | Мамыр | ДТЖЖО:Ж.Масақбаева
Ұйымдастырушы педагог: А.Алшын Тәлімгер:К.Даулетова Өзін-өзі басқару ұйымы ӘБ жетекшілері 1-11 сынып жетекшілер |