БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры
__________ А.Арапова
№80 жалпы білім беретін мектебі әлеуметтік педагогінің
2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Мектептің әлеуметтік-педагогикалық жұмысының мақсаты:
Мектеп оқушыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу.
Міндеттері:
- Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын жан-жақты зерттеу және болжау, сол арқылы әлеуметтік шаралардың орындалуын қамтамасыз етіп, бала үшін білім алуға қолайлы орта құру;
- «Бала-отбасы-мектеп» моделіндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс негізінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу;
- Оқушылардың құқықтық, әлеуметтік білімі мен жауапкершілігін қалыптастыру, баланың жан-жақты дамуын әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.
Жылдық жоспар Білім туралы ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі, ҚР баланың құқықтары туралы ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығы, Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы, Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 № 68 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) және т.б. нормативтік-құқықтық құжаттарға негізделген.
| № р/с | Іс-шаралар | Орындау мерзімдері | Жауаптылар | Есеп беру нысандары |
| І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу | ||||
| 1. | Әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық форматта word (ворд) немесе pdf (пдф) әзірлдеу және оқу жылы ішінде жүзеге асыру | Тамыз | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова |
Жоспар |
| 2. | Мектептегі білім алушылар туралы мәліметті «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде (электронды форматта) жүргізу | Жыл бойы | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова
|
ҰББДҚ |
| 3. | Әлеуметтік мәртебесіне байланысты оқушылармен жұмыс жоспарын құру, жұмыс жүргізу | Тамыз-Қыркүйек | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова |
Жоспар |
| 4. | Мектептің әлеуметтік паспортын «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде (электронды форматта) құру | Қыркүйек | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова |
Паспорт |
| 5. | «Е-Асхана» ақпараттық жүйе жұмысын жүргізу | Жыл бойы | Сынып жетекшілер
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Табель |
| 6. | Сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер жинау | Қыркүйек | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова |
АКТ |
| 7. | Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды (АӘК алатын, АӘК алмайтын жан басына шаққанда күнкөрісі төмен, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, көпбалалы, сәтсіз отбасынан шыққан) оқулықпен қамтамасыз ету | Тамыз-Қыркүйек | Кітапханашы
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Мәлімет |
| 8. | Мектеп асханасынан ЖББҚ есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушыларды анықтау және тізімін жасау | Тамыз-Қыркүйек | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова |
Бұйрық
Тізім |
| 9. | Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын жасау | Тамыз-Қыркүйек | Сынып жетекшілер
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Карта
Тізім |
| 10. | Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, тізімін бекіту және журналға тіркеу | Жыл бойы | Сынып жетекшілер
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Журнал |
| 11. | Әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан
· Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар; · Үйде оқытылатын және мүгедек оқушылар; · Сәтсіз отбасынан шыққан оқушылар; · Толық емес отбасынан шыққан оқушылар; · Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан оқушылар; · Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар; · Төтенше жағдай болған жағдайда; · Өгей әкемен ұл бала, қыз балалар; · Өгей анамен ұл бала, қыз балаларды анықтау. |
Жыл бойы | Сынып жетекшілер
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова
|
Тізім |
| 12. | Мектепте атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде, қажет болған жағдайда БАҚ мақала, пост жариялау | Жыл бойы | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова
|
Жарияланым |
| II. Балалық құқығын қорғау жұмысы | ||||
| 13. | Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды дер кезінде анықтап және хабарлама беру (АББ) | Жыл бойы | Сынып жетекшілер
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Хабарлама |
| 14. | Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік тұрмыс үй жағдайымен танысу, үй-тұрмыс актісін жүргізу | Жылына 2 рет | Сынып жетекшілер
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
АКТ және жәрдемақыға есеп беру |
| 15. | Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың үй-мүлкінің сақталуын қадағалау | Жыл бойы | Сынып жетекшілер
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Анықтама |
| 16. | «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында баланың әлеуметтік-материалдық және отбасылық жағдайларына байланысты әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету, қамту | Тамыз-Қыркүйек | Сынып жетекші
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Мәлімет |
| 17. | Тұл жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бітіруші түлектер (9-11 сынып) оқушылармен жұмыс | Үнемі | Сынып жетекші
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Мәлімет
|
| 18. | «Баланың құқықтары туралы» тақырыбында оқушылар арасындағы жиналыстарда түсіндірме жұмыстарын жүргізу, баяндама оқу | Қазан | Сынып жетекшілер
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Хаттама |
| 19. | «Буллингтен қорған!» сауалнама немесе қауіпсіздік сабағы | Қараша | Сынып жетекшілер
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Анықтама |
| IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс | ||||
| 20. | АІІБ ЮПТ есебін, сәтсіз, мектепішілік есептегі оқушыларды анықтап, тұрмыс актісін жасау, олармен жұмыс жүргізу | Дер кезінде | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова ДТІЖО |
АКТ |
| ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық жәнет.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы | ||||
| 21. | Осал топтағы отбасынан шыққан оқушыларды қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлеріне тізім ұсыну | Маусым
Шілде Тамыз |
Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова
|
Тізім |
| 22. | Мектептегі тұл жетім, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылармен жұмыс | Үнемі | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова |
Іс-құжат көшірмелері |
| 23. | Жаңа жылдық шыршаға әлеуметтік осал топтағы оқушыларды қатыстыру. | Желтоқсан | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова |
Сұраныс |
| V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс | ||||
| 24. | Сынып жетекшілерінің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағалау | Үнемі | Сынып жетекші
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Кеңес беру журналы |
| 25. | Отбасында қиын жағдайға тап болған оқушылардың ата-аналарына, оқушыға және тәрбиесінде қиындық келтіретін оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу | Жыл бойы | Педагог психологтар
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова
|
Мәлімет |
| 26. | Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен әлеуметтік -педагогикалық жұмыс жүргізу | Жылына 2 рет | Педагог психологтар
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
АКТ |
| 27. | Ата-аналар жиналыстарына қатысу
|
Тоқсан сайын | Әлеуметтік педагог
ДТЖО |
Хаттама |
| VI. Диагностикалау-талдауқызметі | ||||
| 28. | Мектепішілік іс-шараларға қатысу, сабаққа ену | Жыл бойы | Әлеуметтік педагог
Ж.Жолдасбекова |
Сабаққа ену дәптері |
| 29. | «Буллинг дегеніміз?» семинар-тренинг | Сәуір | Педагог психологтар
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Мәлімет |
| 30. | «Мектептегі ыстық тамақ және буфеттік тамақтану» бойынша сауалнама алу | Жылына 2 рет | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова |
Анықтама |
| 31. | Мектепте оқушыларға дұрыс тамақтану қағидалары тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізу | Жыл бойы | Мектеп медбикесі
Әлеуметтік педагог М.Жолдасбекова |
Анықтама |
| 32. | Мектепте интернет-ресурстарында «мектептегі тамақтандыру айдарын құру және оның жұмысын тиісті деңгейде жүргізу | Жыл бойы | Әлеуметтік педагог
М.Жолдасбекова |
Жариялау |
| 33. | Әлеуметтік педагог қызметінің жылдық жұмыс нәтижесінің қорытынды есебі | Мамыр | Әлеуметтік педагог | Есеп |
Әлеуметтік педагог: М.Жолдасбекова
«№80 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Әлеуметтік педагогтың жылдық
жұмыс жоспары
2025-2026 оқу жылы