2025 жылдың 14 қазаны
«№80 жалпы білім беретін мектебінде» оқушылардың денсаулығын нығайту және дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында күнделікті ыстық тағам ұйымдастырылып келеді.
Әлеуметтік педагог пен мектеп медбикесі тарапынан оқушылардың ас ішу барысына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуына және барлық білім алушылардың тамақтануға толық қатысуына жүйелі түрде бақылау жүргізіледі.
Бүгінгі ас мәзірі дәруменге бай, сапалы әрі теңгерімді тағамдардан дайындалды. Балалар жылы ортада өздеріне арналған ыстық асты дәмімен қабылдап, жақсы көңіл-күйде болды.
📸 Төменде оқушылардың ыстық тамақтану сәттерінен фото және видеоматериалдар ұсынылады.