Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты N80 жалпы білім беретін мектебінде 23.09.2025ж күні мемлекет
және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызымен “Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» тақырыбында тағлымы мол кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттау, жастарды ана тілін дамытуға шақыру, қазақ тілінің дәрежесін көтеру мақсатында өткен басқосуға мектептің ұстаздары, жас мамандары мен қала тұрғындары қатысты.
Оразкүл Асанғазы бүгінде қоғамның өзекті мәселесіне айналған ажырасу жайы мен отбасы құндылықтарын айтып, қатысушыларға ерекше әсер етті. Ұлтын ұлықтаған азамат жастарды өз елін-жерін сүюге, мемлекеттік тілде әрқашан сөйлеуге шақырды.
Кездесу соңында мектеп директоры Әсел Әбдірахымқызы құттықтау сөз сөйлеп, уақыт тауып арнайы қонақ болып келген Оразкүл Асанғазықызына өз алғысын білдірді.
