«Бекітемін»

 Мектеп директоры:

            А.Арапова

«2» қыркүйек 2025 жыл

№80 жалпы білім беретін мектебінің

 кітапханашысы С. Култаеваның 2025-2026

оқу жылында атқарылатын жылдық жұмыс жоспары

                                          

 

                      І. Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты

Педагогикалық құрамды және білім алушыларды кітаппен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдеріне үйрету арқылы оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпараттық мәдениетін терең жетілдіруге,  қажеттіліктерін қанағаттандыруға және олардың өз бетінше білімін тереңдетуіне оң ықпал жасау.

ІІ. Кітапхананың негізгі міндеттері

 Қазіргі кездегі білім беру ортаның жағдайында кітапхана оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетумен шектелмей,  білім саласына қойылған стратегиялық міндеттерді шешуге тиісті:

— балаларды рухани бай болудың тәсілі  — кітап оқуға ынталандыру;

— барлық білім беру процесінің ақпараттық қолдауын ұйымдастыру;

— білім берудің инновациялық мақсаттарын жүзеге асыру ісінде қосымша білім берудің

кітапханалық технологияларын және тәжірибесін қолдану.

Мектеп кітапханасы мектеп ұжымының барлық мүшесіне оқулық бағдарламаларды

кітаптарды және басқа ресурстарды ұсына отырып, пайдаланушылардың

ойлау және ақпараттың барлық түрін тиімді пайдалану жүйесін дамытуға оң ықпал туғызу.

 

ІІІ.  Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары

  • Практикалық әдістемені жетілдіру және оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудың жаңа жолдарын іздестіру;

—   Мектеп бағдарламасына сәйкес  оқушылардың танымдық және шығармашылық іскерлігін

арттыруға дем беру;

—  Кітапхана қорларына кен қолжетімділік негізінде кітапхана оқырмандарының ақпарат

қажеттіктеріне сәйкес оларға кітапханалық  және ақпараттық-библиографиялық қызмет

көрсету жолымен оқу-тәрбие үдерісін және өздігінен білім алуды қамтасыз ету.

—  Оқушыларда ақпарат мәдениетi дағдыларын қалыптастыру, ақпарат іздестіру әдістеріне

үйрету, жүйелі оқуға деген қажеттікті сіңіру.

—   Оқушылардың  рухани  өсуін, өзін-өзі  тануын  және өз бетінше  білімін  жетілдіруге

қажеттіліктерін  қанағаттандыру.

—    Балалардың оқу проблемасын  шешуге  және көзқарастарының  қалыптасуына  жағдай

жасау, жәрдем беру;

—   Балалардың  сауаттылығын , оқу мәдениетіне   деген қызығушылығын  арттыру;

—   Оқушыларды кітапхана қорындағы оқулықтармен дер кезінде қамтамасыз етіп, кітап

қорының сақталуы жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу;

—    Мәдени – көпшілік жұмыстар өткізіп, оқырмандарды әдеби  кітаптар оқуға қызықтырып,

оқырман тарта білу;

 

 

 

 

 

 

ІV. Оқырмандармен жұмыс

 

қ/с Атқарылатын жұмыстар Мерзімі Жауаптылар
1. Кітапханаға жаңа оқырман тарту Күнделікті Кітапханашылар
 

2.

«Кітап-ғажайып досымыз» 1 -2 сынып оқушыларына  кітапханаға саяхат ұйымдастыру Желтоқсан Кітапханашылар

Сынып жетекшілер

 

3.

   Жеке жұмыстар. Оқырмандарға  кітапханалық қызмет көрсету;

— Кітапхананы пайдалану ережесімен таныстыру;

— Оқырманның кітап оқуын зерттеу;

— Оқырман формулярын арнап, жүргізу;

— Оқырман сұранысын зерттеу

 

 

Үнемі

 

 

Кітапханашылар

 

4.

Оқырман активімен жұмыс.

Кітапхана Кеңесін ұйымдастыру.

«Кітап-өмір сүреді»   кітап түптеушілер үйірмесін ұйымдастыру

 

 

Жыл бойы

 

 

Кітапханашылар.

 

5.

Ата-аналармен және мұғалімдермен жұмыс жүргізу. Буккроссинг ұйымдастыру, буктрейлермен  жұмыс жүргізу  

Жыл бойы

Кітапханашылар.
 

6.

«Әлемді кітап арқылы таны!» атты рубрикада ұсыныс тізбелер, әңгімелер, жаңа кітаптарға библиографиялық шолулар, әдеби қонақжай, әдеби шаңырақ, виртуалды көрмелер  өткізу.  

Тоқсан сайын

Кітапханашылар.
 

7.

Кітапханаға түскен жаңадан келген кітаптарды оқушылар мен мұғалімдерге хабарлама жасау.  

Жыл бойы

Кітапханашылар.
8. Әр тоқсанның соңында барлық сыныптар бойынша оқулықтардың тазалығын тексеру  

Жыл бойы

 

Кітапхана кеңесі

9 «КітапХан» клубының жұмысын жандандыру Жыл бойы
10 «Адал азамат» біртұтас бағдарламасы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жұмыс жасау Жыл бойы Кітапханашылар.
 

Атқарылатын іс шаралар Мақсаты Орындалу мерзімі Сынып Өткізілу түрі Жауапты
1 «Кітап-білім бұлағы» Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету Тамыз Қыркүйек 1-10 сыныптар Оқулық тарату Кітапханашылар
2 5 қыркүйек – Тілдер күніне орай «Тілім-менің тірегім» Оқушыларға ана тілін білудің маңызы жайлы айту, ана тілін үйрету;

 

Қыркүйек 1-10 сыныптар Көрме Кітапханашылар
3 Кітапхана кеңесі.

Белсенділермен жиналыс

Кітапханада өткізетін іс-шаралармен таныстыру. Кеңес мүшелерін сайлау. Қыркүйек 7-10 сыныптар. Жиналыс Кітапханашылар, кітапхана белсенділері
4 «КітапХАН» сайысын ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

  Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын

арттыру, кітапханаға оқырмандар тарту,  ой -өрісін дамыту, қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының   есімдері мен  шығармаларын  таныстыру.

Ай сайын 2-11 сыныптар Сайыс Кітапханашылар, кітапхана белсенділері
5 «Кітап-ғажайып досымыз» Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;

Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру; Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

Қыркүйек 1- сыныптар Саяхат Кітапханашылар
6 «Адал азамат» біртұтас бағдарламасы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Менің сүйікті ертегі кітабым» Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. Қыркүйек 5-7 сыныптар Оқырмандар арасында әңгімелесу Кітапханашылар
7 «Шын жүректен кітапханаға кітап сыйла» Оқушылардың жақсылыққа,білімге,ізгілікке шақырып. Кітапхана қорын толтырып,болашақ ұрпаққа мол мұра қалдыру. Қазан 1-10 сыныптар Оқырмандар арасында әңгімелесу Кітапханашылар, сынып жетекшілер
8 «Адал азамат» біртұтас бағдарламасы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларына «Ертегілер еліне саяхат. Оқушыларды ертегілерге қызықтыру арқылы кітап оқуға баулу, сөйлеу, тыңдау, ой бөлісу дағдыларын дамыту. оқушыларды ертегі оқуға баулу арқылы олардың ой өрісінің дамуына көмектесу, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Қазан 2-4

сыныптар

Кітап оқу сағаты Кітапханашылар, Сынып жетекші
9 «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» Оқырмандарды тәуелсіз елінің рәміздерін жетік білуге, әрі құрметтеуге және толықтай мәліметпен қанағаттандыру. Қазан 1-9

сыныптар

Көрме Кітапханашылар
 

10

 

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай кітап көрмесі

 

Оқырмандарды тәуелсіз елінің рәміздерін жетік білуге, әрі құрметтеуге және толықтай мәліметпен қанағаттандыру.

 

Қазан

 

1-10 сыныптар

 

Көрме

 

Кітапханашылар

11 «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Мен және менің отбасым» қандай кітап оқиды? Оқырмандарды отбасымен кітап оқуға шақыру. Оқушыларды жас кезінен отбасымен кітап оқуға дағдыландыру. Кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру. Қараша 2-4 сыныптар Отбасылық кітап оқу сайысы Кітапханашылар, Сынып жетекші
12 «Адал азамат» біртұтас бағдарламасы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  Кеңес Одағының батыры,  қазақ жазушысы Мәлік Ғабдуллинге – 110 жыл М. Ғабдуллиннің өмір деректері, әдебиетке қосқан үлесі. Батыр-ұстаз-ғалымның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігін дәріптей отырып ержүректік, батырлық, қайсарлық және адами қасиеттеріне назар сала отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, елін, туған жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу. Мектеп күнін атап өту. 15 қараша.

 

1-11 сыныптар Көрме слайд арқылы батырдың өміріне шолу. Кітапханашылар
13 «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Жыл таңдауын бірге оқиық» «Бір ел-бір кітап» акциясына таңдалынған қос  қаламгер Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығын насихаттау. Қараша

 

1-11 сыныптар Кітап көрмесі Кітапханашылар
14 «Кітап- өмір айнасы» тазалық күнін өткізу Оқулықтарын тексеру, таза ұстауға шақыру Тоқсан сайын 1-11 сыныптар Рейд жүргізу Кітапханашылар
15 1-желтоқсан СПИД- ке қарсы күрес күні.

«Біз — ғасыр дертіне қарсымыз»

Балаларды зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау. Желтоқсан 5-7 сыныптар Оқырмандар конференциясы Кітапханашылар, мектеп медбикелері
16 Қазақстандағы

ашаршылыққа 95 жыл.

(1930-1933жж)

Ашаршылық — саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апатына шолу жасау Желтоқсан 10-11 сыныптар Кітап көрмесі, библиографиялық шолу Кітапханашылар, Тарих пәні мұғалімі
17 «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша

«20-минуттық кітап оқу»

Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Қаңтар 5-9 сыныптар Оқу сағаты

 

Кітапханашылар
18

 

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында

«Бір сынып-бір кітап»

«Алдар көсе»

ертегісіне көрініс

Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Балалардың сөздік қорын молайту. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету. Қаңтар 2-4

сынып

Қойылым Кітапханашылар, Сынып жетекшілер
19 «Кітап- өмір айнасы» тазалық күнін өткізу Оқулықтарды таза ұстауға шақыру Қаңтар 1-11 сыныптар Рейд жүргізу

 

Кітапханашылар
20 «Кітап оқуды қалай арттыруға болады?» Оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Ақпан 9-11 сыныптар Дебат Кітапханашылар,

Қазақ тілі мұғалімі

21 9 ақпан. Мұқағали Мақатаев – қазақтың лирик ақыны, туғанына

95 жыл (1931-1976)

өлеңдерін мәнерлеп оқу

ХХ ғасырдың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таңыстыру. Ойшыл, зиялы, ірі тұлға екенін оқушыларға жеткізу. Ақпан 1-11 сыныптар Оқу сағаты Кітапханашылар
22 «Балалар кітапханасы» жобасы аясында

Жабаев Жамбыл – ақын, туғанына 180 жыл (1846-1945)

Ақынның шығармаларын таныстыру

Білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру

28 Ақпан 5-11 сыныптар Тарихқа шолу, кітап көрмесі Кітапханашылар
23 «Балалар кітапханасы жобасы» бойынша «Әжемнің ертегілері» «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында бастауыш сынып оқушыларына берілген әдебиеттердің оқылуын бақылау мақсатында «Әжемнің ертегілері» кешін ұйымдастыру Наурыз 1-4

сыныптар

Ертегі оқу.

Әжелерді шақыру

Кітапханашылар, Сынып жетекші
24

 

«Кітап- өмір айнасы» тазалық күнін өткізу Жыл соңында оқулықтарды тексеру

 

наурыз 1-11 сыныптар Рейд жүргізу Кітапханашылар
 

25

2-сәуір. Халықаралық балалар кітабы күні

“Кел, балалар бірге оқиық”

Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Ата-аналар арасында балаларға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау. Сәуір 5-9 сыныптар Кітап көрмесі,

Кітап оқу.

Кітапханашылар
26 23 сәуір – Ұлттық кітап күні Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;

Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру; Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

Сәуір 2-10 сыныптар Кітап апталығы Кітапханашылар
·

27

«Үздік –КітапХАН» Оқырмандарды кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

«Үздік КітапХАН»-ды анықтау.

Сәуір 2-11 сынып Сайыс Кітапханашылар
 

 

28

9 мамыр -Жеңіс күні «Жеңіс күні жасасын!»  Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. Мамыр 6-8 сыныптар Кітап көрмесі Кітапханашылар
27 «Кітап-өмір сүреді»   кітап түптеушілер Оқулықтармен жұмыс Мамыр 1-11 сыныптар Оқулық

тарды жинау

Кітапханашылар

                                         

  1. V. Оқулықтар қорымен жұмыс
қ/с   Атқарылатын жұмыстар    мерзімі Жауапты
 

1.

Пән мұғалімдерімен бірлесе отырып  оқулықтарға сұраныс жасау, оны рәсімдеу.  

Ақпан айы

 

Кітапханашылар

 

2.

 ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығын басшылыққа ала отырып, оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету, оқулықтарды тарату,  жинап алу.  

Жыл басында

 

Кітапхана кеңесі

 

3.

№203 «Оқулықтарға код қою» туралы қаулыны іске асыру мақсатында оқулықтарға код қойылуын қадағалау.  

Жыл бойы

 

Кітапханашылар Кіт.секторлары

 

4.

Жаңа түскен оқулықтарды қабылдау және техникалық өңдеу:

—         Ілеспе құжаттарын рәсімдеу;

—         Оқулықтарды штемпелдеу;

—         Есеп кітабына тіркеу;

—         Қор құрамына алып, орналастыру

 

 

Дер кезінде

 

Кітапханашылар

 

5.

Мұғалімдер мен оқушыларға жаңа түскен оқулықтар мен оқу құралдары  жөнінде ақпараттар беру.  

Кезінде

 

Кітапханашылар

6. Ескірген және тозығы жеткен оқулықтарды есептен шығару. Жылына 1 рет Комис. мүш.

 

 

7.

Оқулық қорын сақтау бойынша жұмыс жүргізу.

-Оқулық айнасын шығару;

-Оқулық тазалығын тексертіп отыру.

Жыл бойы

Ай сайын

Апта сайын

Кітапханашылар Тазалық секторлары
 

8.

Оқулықтардың резерв қорымен жұмыс.

—         Оқулықтардың резерв қоры есебін жүргізу;

—         Орналастыру;

—         Мектепаралық резерв қор картотекасы үшін мәліметтер дайындау;

—         Резерв қордан басқа мектептерге оқулық алмасу.

 

 

 

Жыл бойы

 

 

 

Кітапханашылар

9. Оқулық картотекасын толықтыру және редакциялау. Үнемі Кітапханашылар
10. Оқулық қорының пайдаланылуын зерттеу және талдау. Әр тоқсанда Кітапханашы

 

 

VІ. Кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау

Анықтама –библиографиялық жұмыстар

қ/с Атқарылатын жұмыстар мерзімі Жауапты
 

1.

Анықтама-библиографиялық сабақтарды оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу  

Үнемі

Кітапханашылар
 

2.

Кітап көрмелеріне байланысты мақалалар картотекасын жүргізу  

Жыл бойы

Кітапханашылар
3. Библиографиялық анықтамаларды есепке алу журналын жүргізу  

Үнемі

Кітапханашылар
 

4.

Анықтама-библиографиялық дәптер арқылы оқырман сұранысын орындау  

Үнемі

Кітапханашылар

 

Х. Біліктілікті көтеру

қ/с Атқарылатын жұмыстар мерзімі Жауапты
1. Кітапхана жұмысы жөнінде әдістеме күнін өткізу Айына 1 рет АББ әдіскері
2. Біліктілікті арттыру дәптерін арнау Үнемі Кітапханашылар
3. Тамыз пед. оқуына қатысып, баяндама оқып талқыға салу Жыл сайын Кітапханашылар
4. Кітапханашылар курсынан өту 5 жылда  1 рет Кітапханашылар
5. Үздік кітапханалардың біліктілігімен алмасу 2 жылда Кітапханашылар
6.

 

Газет- журналдарға шыққан кітапханалар жетістіктерін оқып, танысу Үнемі Кітапханашылар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІІ. Аймақтық кітапханалармен, басқа

ұйымдармен байланыс

қ/с    Атқарылатын жұмыстар мерзімі Жауапты
 

1.

Басқа кітапханалардың жетістіктері мен іс- тәжірибелерімен танысып, байланыс жасау.  

Үнемі

 

Кітапханашылар

 

2 .

Аудандық көпшілік кітапханаларымен, аймақтық кітапханалармен байланыс жасап отыру.  

Үнемі

 

Кітапханашылар

 

3.

Аудандық  мектеп кітапханалары арқылы жетіспейтін оқулықтар алмасу.  

Жыл басы

 

Кітапханашылар

 

 

 

 

Кітапханашы              С.Култаева