Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты N80 жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың бос уақыттарын мазмұнды да тиімді өткізу мақсатында мектеп базасында ауданымыз бен облысымызға танымал спорт шебері, жаттықтырушы Садырбаев Қыдырәлі ағай жетекшілігінде құрылған қоян-қолтық күрес үйірмесінің бір топ тәрбиеленуші балғын спортшылары Шымкент қаласы “АЛПАҒҰТ” ұлттық жекпе-жек федерациясы ұйымдастырып өткізген спорттық сайысына қатысып, жеңімпаз, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Осы орайда салауатты өмір салтын ұстанған балғын спортшыларымыз бен олардың ата-аналарын, жаттықтырушы ағайымызды шын жүректен құттықтаймыз!